Әскерилердің мәліметінше, апаттан шамаман 50 адам қаза тапқан. Бангладештен жеткен лайнер әуежайға қона бастағанда ұшып-қону жолағынан тайып кетіп, футбол алаңына барып соғылған. Сол кезде жарылыс болды. Өртеніп жатқан ұшақ бөлшектері арасынан 20-ға тарта адам құтқарылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты әуежайдан шығатын және оған кіретін барлық рейстер доғарылып, авиациялық терминал уақытша жабылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ