Хорватияда су тасып, лай көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватияда су тасып, лай көшті

15.03.2018

 

 

Хорватияға көктем келіп, елдің оңтүстік-шығысын су басып, лай көшкіні жүрді. Соның салдарынан Хватская Костадьница қаласында жеті үй қираған.

 

Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда, баспанасынан айырылған бір отбасына жан сақтау үшін балконнан секіруге тура келіпті.

 

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы Уна өзеніндегі судың  деңгейі әлі де көтеріліп жатыр.

 

Апатпен күреске әскерилер жөнелтілді. Олар адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Ал, билік өңірде төтенше жағдай режимін жариялаған.

Хабарламаларға жазылу