Мәскеу Британияға жауап қайтармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу Британияға жауап қайтармақ

15.03.2018


 

Ресей өзінің 23 дипломатын елге қайтару туралы шешім қабылдағаны үшін Ұлыбританиядан кек алу шаралары бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұны Ресей Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, Мәскеу Біріккен Корольдік аумағында жасалған химиялық шабуылды тергеу үшін Лондонмен жұмыс істеуге әзір.

 

Жақында Ұлыбританияда бұрынғы ресейлік шпион Сергей Скрипаль мен оның қызы уланып қалды. Премьер-министр Тереза Мэй үкіметі сол токсиндік шабуыл үшін Ресейді айыптап отыр.

 

Алайда, Кремль бұлжымас дәлел келтір деп, өзіне тағылған бұл кінәні жоққа шығарып келеді.

Хабарламаларға жазылу