АҚШ-та FedЕx қоймасында бомба жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та FedЕx қоймасында бомба жарылды

20.03.2018

АҚШ-та жүк тасымалдайтын FedЕx компаниясының қоймасында жарылыс болды. Одан бір адам жараланған. Оқиға елдің Техас штатының Шерц қаласында түн жарымында болған. Бұл қалашық штат орталығы - Остиннен бір сағаттық жерде орналасқан. Жалпы, соңғы екі аптада Остинде осыған ұқсас төрт жарылыс болған. Онда қаскөйлер жарылғыш затты тұрғын үйлердің қасына немесе көшеге тастап кеткен. Әзірге, полиция оқиғалардың бір-бірімен байланысы бар-жоғын анықтай алмай отыр. Жарылыстарға жауаптылар да табылған жоқ. Қала басшысы тұрғындарды абай болуға шақырды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу