Кишиневте Молдова мен Румынияның бірігуін қолдаған митинг өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кишиневте Молдова мен Румынияның бірігуін қолдаған митинг өтті

26.03.2018

Қаланың орталық алаңына 10 мыңнан астам адам жиналған. Румыния туын ұстағандардың қатарында Прут өзенінің екі жағалауының да тұрғындары болды.

Молдовалық манифестанттар румындарды «ағайынымыз» деп есептейді. «Мақсатымыз – тарихи әділдікті қалпына келтіру»,- дейді олар.

Айта кетсек, Молдова 19-шы ғасырда Бессарабия деген атпен Ресей патшалығының бір бөлігі болса, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлы Румыния мемлекетінің қол астына өтті. Ал, 1940 жылы Молдованы Кеңес одағы басып алғаны белгілі. Бірақ, 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Молдова тәуелсіздік алды. 

Михаил Гриткан, Кишинев тұрғыны:

- Өміріміздің жақсарғанын қалаймыз. Бірақ, бәрінен бұрын біз  румындармен бір халықпыз ғой. Қанымыз да, тіліміз де, мәдениетіміз де ортақ. 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу