АҚШ-тың әскери және барлау нысандарына жарылғыш зат салынған 6 күдікті орама жіберілді. Бұл туралы елдің құқық қорғау органдары хабарлаған.
Қауіпті пакеттердің барлығы залалсыздандырылды. Қазіргі уақытта Федералдық тергеу бюросы мен әскерилер болған жайтты тергеуге кіріскен. «CNN» таратқан ақпаратқа сай, жарылғыш зат салынған сәлемдемелер пошта арқылы жіберілген екен. Орамалардың ішінде қауіпті материалдардың болғанын саперлер арнайы сканерлеуші аппаратпен анықтаған. Енді, жарылғыш заттарды әскери объектілерге кімдер жібергені анықталып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ