Қытайдың ғарыш станциясы жұма күні жерге құлауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың ғарыш станциясы жұма күні жерге құлауы мүмкін

27.03.2018

Қытайдың «Тяньгун-1» деген ғарыш станциясы жұма күні жерге құлауы мүмкін. Еуропа ғарыш агенттігінің мамандарының айтуынша, одан ешкім зардап шекпеуі тиіс. Олардың болжамынша, ғарыштық зертхана сынықтары Оңтүстік Еуропаға, Оңтүстік Азияға, Африкаға, Оңтүстік Америкаға, Австралияға жауады. Бір жылдан астам уақыт бұрын станцияны басқару орталығының бұйрығына жауап бермей қойған бұл аппарат ақыр соңында жасанды метеоритке айналмақ. Атмосфераға енгеннен кейін оның айтарлықтай бөлігі жанып кетуі тиіс.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу