Бұл туралы өртке байланысты қамауға алынған осы мекеменің басшылығы мен қызметкерлері мәлім еткен. Олардың сөзінше, біреу өрт дабылын да 15 минут бұрын сөндіріпті. Сот сейсенбі күні «Зимняя Вишня» сауда орталығының басқарушысы Надежда Судденконы, техникалық директор Георгий Соболевті және өрт дабылын орнатқан компания директоры Игорь Полозиненко мен оның қызметкері Александр Никитиннің тұтқындалу мерзімін 72 сағатқа дейін ұзартты. Бүгін Ресейде жалпыұлттық қаралы күн. Тергеу комитетінің мәліметінше, мәйітханаға 59 адамның денесі жеткізілді. Алайда, бұдан бөлек ведомствоға 67 адамның із-түзсіз жоғалғаны туралы мәлімдеме түскен.
Мадина МҰҚАНОВА