Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль үйінің кіре берісінде уланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль үйінің кіре берісінде уланған

29.03.2018

Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Солсберидегі үйлерінің кіре берісінде уланған. Британ полициясы осылай деп есептейді. Скотленд-Ярдтың мәліметінше, сарапшылар «Новичок» улы препаратын көп мөлшерде үйге кіретін есіктен, әсіресе, оның тұтқасынан анықтаған. Қазір «Скрипаль ісімен» контртеррористік бөлімнің 250 қызметкері айналысып жатыр. Олар бейнебақылау камераларынан алынған 5 мыңдай жазба мен 1 мыңнан астам айғақтарды тексеруге кіріскен. Британ билігі бұрынғы тыңшы мен оның қызын Ресейдің арнайы қызмет мамандары улады деп айыптап отыр. Алайда, Мәскеу мұны жоққа шығарды. «Скрипаль ісіне» қатысты Ұлыбритания, АҚШ және 20-дан астам мемлекет ресейлік дипломаттарды еліне қайтарған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу