Ресейдің Кемерово қаласындағы ойын сауда орталығындағы өртке байланысты істе жаңа куәгерлер пайда болды. Бұл туралы Сібір федералды округіндегі президенттің уәкілетті өкілі Сергей Меняйло мәлім еткен. Оның айтуынша, қазір мұнда тәжірибесі мол тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр. Жаңа фактілер анықталып жатса, олар көпшілікке жария етіледі. Наурыздың 25-де «Зимняя Вишня» сауда орталығындағы өрттен 64 адам қаза тапқан еді. Олардың 41-і бала.
Осы трагедияға байланысты Кемерово облысын 21 жыл бойы басқарған Амангелді Төлеев отставкаға кетті. Бұл шешімі туралы губернатор видеожолдауында жариялаған. Президент Владимир Путин оған атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Ұлты қазақ Амангелді Төлеев Кемерово облысына 1951 жылы жеті жасында көшіп барған. Ол еңбек жолын 1964 жылы жергілікті теміржолда бастады. 1988 жылы Кемерово теміржолының басшысы болып тағайындалды. Алайда, ол бүкілресейлік танымалдылыққа Кузбасстың қорғаушысы және кеншілердің мүддесін қорғаушы ретінде ие болды. Сонымен қатар, Төлеев үш рет президентік сайлауға да түскен болатын.
Мадина РАХЫМБЕК