Ауған күштері 18 тәліптің көзін жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған күштері 18 тәліптің көзін жойды

04.04.2018

Ауғанстанның әуе күштері Құндыз провинциясына соққы беріп, 18 тәліптің көзін жойды. Тағы 12-ін жаралаған. Мұны елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Әуе соққысы тәліптердің кездесуі өтіп жатқан кезде жасалған. Әскерилердің мәліметінше, осы жиыннан кейін қарулы топ шабуыл жасауды жоспарлаған екен. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, әуе соққысынан 50-ге тарта бейбіт тұрғынның өмірі қиылған. Олардың арасында балалар да бар. Ауған күштері тәліптер жасырынған медресеге оқ жаудырған болуы керек. Дегенмен, елдің қорғаныс министрлігі бейбіт тұрғындардың ауған күштері атқан оқтан опат болғанын жоққа шығарды. Қазір бұл оқиға тексеріліп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу