Бразилияның бұрынғы президенті қамауға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның бұрынғы президенті қамауға алынады

05.04.2018

Бразилияның Федералды Жоғарғы соты республиканың экс-президенті Луис Инасиу Лула да Силваны түрмеге қамауға рұқсат берді. Пленарлық отырыс 10 сағатқа созылып, түнгі сағат 00.00-ге қарай ғана аяқталды. Нәтижесінде 5 сот бұрынғы лидердің тұтқындалуына қарсы дауыс берсе, алтауы «Ия» деп жауап берген. Енді бірінші инстанция соты тиісті ордерді берсе, Лула да Силва алдағы сағаттарда-ақ темір торға отырғызылады.

Луис Инасиу Лула да Силва Бразилияны 2003-2010 жылдары басқарған еді. Ал, 2017 жылдың шілдесінде ол жемқорлық пен билікті асыра пайдаланғаны үшін айыпталған. Сөйтіп, Луланы 9 жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шыққан болатын. Қаңтарда бұл мерзім 12 жыл 1 айға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек, 72 жастағы саясаткерге алдағы 19 жылда мемлекеттік қызметті атқаруға тыйым салынған.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу