С.Скрипаль мен оның қызы уланған «Новичок» препаратының қай зертханада дайындалғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Скрипаль мен оның қызы уланған «Новичок» препаратының қай зертханада дайындалғаны анықталды

05.04.2018

Ұлыбританияның арнайы қызметі Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы уланған «Новичок» препаратының қай зертханада дайындалғанын анықтады. Мұндай ақпаратты атын атамауды жөн көрген британдық арнайы қызмет өкілінің сөзіне сүйеніп, «The Times» газеті жариялап отыр. Дегенмен, құпия нысанның нақты қай жерде орналасқаны айтылған жоқ. «The Times» газетінің мәліметінше, британ үкіметі және арнайы қызмет өкілдері зертхананы Солсбериде болған оқиғадан кейін екі-үш күнде анықтаса керек. Осы ақпаратқа сай, дәл сол жерде улы затты тапсырыспен адам өлтіруге қолдануға болатынын анықтау үшін тәжірибелер жасалған.

Ал, Кремль Скрипальдарды улау ісіне Ресейдің қатысы жоқ деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзінше, бұл - Батыс елдерінің қасақана ұйымдастырған саяси арандатушылық әрекеті. Бұған қоса, Мәскеу «Скрипаль ісін» химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияға сай тергеуді талап етті.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу