Жыл сайынғы маневрлар биыл Оңтүстік Кореяда өткен Қысқы Олимпиадаға орай бір ай кейінге қалдырылды. «Жас қыран» және «Басты шешім» атты әскери ойындарға 23 мың америкалық және 300 мыңдай оңтүстіккореялық сарбаз қатысып жатыр. Әдетте, бұл жаттығулар екі айға созылатын. Алайда, Пхеньян мен Сеул арасында алда өтетін келіссөздерге орай бір айға қысқартылды.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бұған дейінгі бірлескен әскери жаттығуларын Солтүстік Корея сынға алып келді. Алайда, Пхеньян биыл бұған қатысты жағымсыз пікір айтқан жоқ. Ал, наурызда Ким Чен Ын оңтүстіккореялық өкілдермен кездесуде маневрлардың өткізілуіне түсінушілікпен қарайтынын мәлімдеген.