Сот Пучдемонды кепіл ақшаға босатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот Пучдемонды кепіл ақшаға босатты

06.04.2018

Германия соты Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемонды 75 мың еуро көлеміндегі кепіл ақшаға бостандыққа жіберді. Қазір саясаткерді Испанияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, Пучдемон осы уақыт ішінде Германиядан шықпау туралы қолхат жазған. Бұған дейін Германия полициясы Каталонияның бұрынғы басшысын Даниямен шекарада, Бельгияға бара жатқан жерінде ұстап алған еді.

Айта кетсек, Испания жоғарғы соты Пучдемон мен оның сыбайластарын қамауға халықаралық ордер берді. Корольдік билігі саясаткерді былтыр қазанның 1-де Каталонияның Испаниядан бөлінуі туралы референдумынан кейін бүлік ұйымдастырмақ болды деп айыптаған еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу