Берлин полициясы бүкіл қалаға қауіп төндірген теракт жасамақшы болған 6 адамды тұтқындады. Қамауға алынғандардың жас шамалары 18-21 жас аралығында.
Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, олар жексенбі күні қалада өткен жартылай марафон кезінде шабуыл ұйымдастырмақшы болыпты. Ал, неміс құқық қорғаушыларының мәліметтеріне сай, қылмыстық топтың басшысы жарыс қатысушылары мен көрермендеріне пышақпен шабуылдауы тиіс еді. Күдіктілердің біреуі жалға алған пәтерден жарылғыш заттың іздері табылған. Өзге ақпаратты тәртіп сақшылары әзірге жария етпей отыр.
Мадина РАХЫМБЕК