БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Ресейді Сириядағы бейбіт тұрғындардың қазасы үшін айыптады. Дипломат бұл сөзін Сирия астанасы Дамаск сыртындағы Думада жасалған химиялық шабуылға қатысты шақырылған жиында айтты. Бұған қоса, Құрама Штаттар қауіпті қарудың қолданылғаны дәлелденсе, халықаралық қауымдастық дереу нақты шара қабылдауы қажеттігін мәлімдеп отыр. Ал, БҰҰ-дағы Ресей өкілі Валери Небензяның сөзінше, Думадан ресейлік мамандар химиялық шабуыл ізін тапқан жоқ. Әзірге, бұл шабуылдан нақты қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Шығыс Гутада жұмыс істейтін Медициналық ұйымдар одағының дерегінше, соққыдан 70 адам мерт болған. Тағы 500 адам ауруханаға түскен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ