Ресейде рубль мен қор биржалары құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде рубль мен қор биржалары құлдырады

10.04.2018

Ресейдің қор биржалары 10 пайызға құлдырап, елдің ірі компанияларының акциялары мен рублі арзандап кетті. Бұған АҚШ-тың қаржы министрі жақында жариялаған санкциялары себеп. Қаржы сарапшыларының мәліметінше, нарықтағы құлдырау әлі де жалғасып жатыр. «Форбсқа» сай, бір күн ішінде ең ауқатты ресейліктердің байлығы 12 миллиард долларға азайған екен. Сарапшылар ресейлік валюта бағамы әлі де төмендеп, доллар бағамы 80 рубльге жетуі мүмкін деп болжап отыр.

Айта кетсек, өткен аптада Құрама Штаттар Ресейдің 24 кәсіпкері мен шенеунігін және 15 компаниясын санкция тізіміне енгізді. Шектеуге іліккендер қатарында «Газпром» басшысы Алексей Миллер, «Сургутнефтегаз» бас директоры Владимир Богданов сынды тұлғалар бар.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу