Британияның министрлер кабинеті Сирияда бұдан былай химиялық қарудың қолданылуына жол бермеу үшін «шара қолдануға» келісті. Бұл жайында үкіметтің мәлімдемесінде айтылған.
Бейсенбіде премьер-министр Тереза Мэй араб елінде 75 адамның өмірін қиған химиялық шабуылға арналған министрлер кабинетінің отырысын өткізген болатын. «ВВС» дереккөздерінің мәлімдеуінше, Мэй парламенттің мақұлдауын күтпей-ақ, әрекет етуге дайын.
Ұлыбритания үкіметі химиялық шабуылды сириялық президент Башар Асад режимі жасаған деген пікірде. Алайда, Асад оны мойындамай отыр.
Мадина РАХЫМБЕК