Вашингтон Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды

16.04.2018

Вашингтон бүгін Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жарияламақ. Бұл шектеулер Мәскеудің Сириядағы режимді қолдауына қатысты. БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Құрама Штаттардың қаржы министрі Стивен Мнучин санкцияларды бүгін мәлім етеді. Бірінші ретте шектеулерге Сирия президенті Башар Асадпен байланыстары бар және химиялық қарудың қолданылуына қатысы бар  ресейлік компаниялар ілінбек. Айта кетсек, сенбіде АҚШ, Франция мен Ұлыбритания Сириядағы химиялық қару нысандарына зымырандармен соққы берген еді.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу