Макрон: Америка әскері Сириядан кетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Макрон: Америка әскері Сириядан кетпейді

16.04.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядан Америка әскерін әкетпейді. Және Құрама Штаттар бұл Араб Республикасында ұзақ мерзімге қалмақ. Мұны Франция президенті Эммануэль Макрон жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді. «Біз Трампты Сириядан кетпеуге көндірдік», - дейді Елисей сарайының қожайыны.

Осы айдың басында Дональд Трамп Пентагон қарулы контингентінің Сириядан таяу арада шығатынын жариялады. Ал, Макронның сөзінен кейін бұл мәлімдемені Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс те растады.

Айта кетсек, бүгінде Сирияның шығысында АҚШ-тың 2 мыңдай әскери қызметкері күрд және араб отрядтарына қолдау көрсетіп жатқаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу