Башар Асад өз халқына қарсы химиялық қару қолданды. Сондықтан, Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздерде оған орын жоқ. Бұл турасында Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас Люксембургте еуропалық әріптестерімен кездесу барысында мәлімдеді.
Еуропа одағына мүше елдердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға жасаған әуе соққыларынан кейінгі әрекеттерін талқылап жатыр. Бұл жиында Германия мен Франция Сириядағы дағдарысты саяси жолмен реттеу процесі жөнінде өз бастамаларын ұсынбақ.
Мадина РАХЫМБЕК