Иранның Йезд көне қаласында сұрапыл құмды дауыл соқты. Куәгерлер түсіріп алған кадрлардан босап қалған көшелер мен балшықтан салынған ескі үйлердің қалың шаңның астында қалғанын көруге болады.
Ауа райының мұндай тосын мінезі жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды. Бірнеше тонналық құм қаланы сағатына 112 шақырым жылдамдықпен басқан. Сол себепті, жолдарда көлік қатынасы қиындап, адамдар үйлерінен шыға алмай қалды.Соңғы мәліметтерге сай, дауылдан 10 адам жапа шеккен.
Мадина РАХЫМБЕК