Queen Еlizabeth II лайнері қонақ үйге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Queen Еlizabeth II лайнері қонақ үйге айналды

19.04.2018

Дубайда танымал Queen Elizabeth ІІ мұхит лайнері жүзіп жүретін қонақ үйге айналды. Кеме су бетіне 1968 жылы жіберіліп, 35 жыл бойы британдық «Кунард Лайн» кеме шаруашылығының флагманы болған. Ал, Біріккен Араб Әмірліктері болса, он үш палубалы су көлігін 2007 жылы 100 миллион долларға сатып алған еді.

Сөйтіп, он жылдың ішінде лайнер толықтай өзгертілді. Енді ол әрқашан Рашид портында тұрады. Оның бортындағы қонақ үйде 224 нөмір, 13 мейрамхана, дүкендер мен түрлі ойын-сауда нысандары бар. Бір нөмірдің құны тәулігіне 163 доллардан басталады екен.

Меймандар қонақ үйге осы әйгілі кеменің тарихына арналған мұражай арқылы өтетін терминалдан кіретін болады.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу