«Ислам мемлекеті» позициялары бомбаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ислам мемлекеті» позициялары бомбаланды

20.04.2018

Ирактың әскери әуе күштері Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының позицияларын бомбалай бастады.

Халықаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, авиация Сирия мен Ирак шекарасына жақын маңдағы нысандарға соққы берген.

Жиһадшыларға шабуыл Ирак премьер-министрі Хайдер Абадидің бұйрығы бойынша жасалған. Себебі, шенеуніктің пікірінше, соңғы уақытта содырлар ел үшін аса үлкен қауіп төндіре бастады.

Ал, «Рейтер» агенттінің деректерінше, ирактық армия соққы үшін «F-16» жойғыштарын пайдаланған.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу