Сенбі күні Мәскеу қаласы мен облысында қатты дауыл соғып, соның кесірінен 2 адам қайтыс болды. Мәселен, 12 жастағы қызды ағаш басып қалса, екінші бір ер адам құрылыс вагонының астында қалған. Ал, 17 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханада жатыр. Желдің қаттылығы соншалық, 100-ге тарта ағашты тамырымен жұлып, электр сымдарын үзіп кеткен. Құлаған жарнама тақтайшалары мен үйлердің шатырлары да көп. Демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеген құтқарушылар енді апаттың зардабын есептеп, айналаны тазартып жатыр. Қазір қалада жағдай тұрақталғанымен, жаңбыр жауып, күн суытып тұр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ