Солтүстік Кореяда ядролық полигонды тексеруге рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда ядролық полигонды тексеруге рұқсат берілді

23.04.2018

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын елдің ядролық полигонын америкалықтардың барып тексеруіне рұқсат берді. Мұны «Блумберг» агенттігі хабарлап отыр.

Екі жақ мұндай келісімді Ким мен АҚШ Орталық барлау басқармасы директоры Майкл Помпео жақында өткен кездесуінде жасаған. Сонымен бірге, Солтүстік Корея лидері өз елінің қауіпсіздігіне кепіл берілетін болса, ядролық сынақ өткізетін алаңды жаппасқа себеп жоқ екенін айтқан. Ал, сәуірдің 21-де Ким Чен Ын ядролық және зымырандық сынақтарды тоқтатып, өзінің жаңа социалистік экономика құру стратегиясына сай ядролық қарусыздану процесіне қосылатынын мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу