Йеменге жасалған әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменге жасалған әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

24.04.2018

БҰҰ Сауд Арабиясы бастаған коалиция ұшақтарының Йеменге жасаған әуе соққысын сынға алды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, дүйсенбідегі шабуылдардан 20, ал өзгелеріне сай 80 адам қаза тапқан. Снарядтар үйлену тойы өтіп жатқан ауылға тасталған екен. 46 адам жараланды. Оның 30-ы - балалар.

Йеменде үкіметтік күштер мен шиит көтерілісшілері арасындағы қарулы текетірес 2014 жылдың тамызынан бері жалғасып келеді. Қақтығыстар 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған коалициясы қосылғаннан кейін тіпті өрши түсті. Йеменнің құқықтар және даму орталығының мәліметінше, сол жылдың көктемінен бері елде 10 мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Сол құрбандардың 2,5 мыңы - балалар. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу