Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығы берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығы берілмейді

04.05.2018

Биыл «Әдебиет» номинациясы бойынша Нобель сыйлығы берілмейді. Мұны бүгін осы жүлдені тағайындайтын Швед академиясы мәлімдеді.

Әдебиет бойынша сыйлықтың келесі жылға қалдырылуына академиядағы сексуалдық жанжал себепші. Дәлірек айтсақ, осы ғылыми мекемеге 1992 жылы қабылданған Катарина Фростенсонның күйеуі – фотограф Жан-Клод Арноға қарсы 18 әйел деп шағым түсіріп отыр. Сонымен қатар, академияның кейбір мүшелері болашақ лауреаттардың есімін жарияламау туралы ережені бірнеше жыл бойы бұзып келген.

Нобель сыйлығы 1940-1943 жылдар аралығында да табысталмады. Ол кезде мұндай шешімнің қабылдануына Екінші дүниежүзілік соғыс себеп болған.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу