Кенияның Субукия ауданында  дамба жарылып, 38 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияның Субукия ауданында  дамба жарылып, 38 адам қаза тапты

10.05.2018

Кенияның Субукия ауданында «Пател» дамбасы жарылып, 38 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын зардап шеккен.

Су бірнеше елді мекенді шайып кетті. Төтенше жағдай болған аймақта қазір эвакуация жүріп жатыр. Үкімет өкілдері баспанасыз қалғандарға уақытша пана беріп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде берді.

Кения Шығыс Африканың өзге мемлекеттері тәрізді қазір нөсер жауыннан жапа шегіп отыр. Ресми мәліметтерге сай, наурыздан бері мұнда су тасқынынан 132 адам опат болып, 200 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу