Австралияда су тасқыны жүріп, қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда су тасқыны жүріп, қар жауды

11.05.2018

Австралияда ауа райы мың құбылып тұр. Таңертең елдің оңтүстік шығысының бір бөлігінде су тасқыны басталса, екіншісінде қар жауды. Хобарт қаласында үздіксіз жауған нөсерден кейін көшелер көлге айналған. Тасқын әсіресе, қаланың орталық бөлігін жайлады. Көліктерді су шайып, 13 мыңдай ғимарат электр жарығынсыз отыр. Жолдар жабылды.

«Гардиан» газетінің мәлімдеуінше, 19 мектеп, бір университет жұмысын уақытша тоқтатты. 24 сағатта Хобартқа 130 миллиметр жауын-шашын түскен. Ауа райын бақылаушылар нөсердің бүгін тоқтамайтынын ескертті. Бұған қоса, Жаңа Оңтүстік Уэльсте қар жауып, күн суытқан. Ауа райының құбылуына синоптиктердің мәліметінше, кешенді төменгі қысым жүйесі ықпал етіп отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу