Елімізде Исламдық қаржыландыру қарқынды дамуда - Қайрат Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Исламдық қаржыландыру қарқынды дамуда - Қайрат Келімбетов

30.10.2014
Елімізде  Исламдық  қаржыландыру  қарқынды дамуда - Қайрат Келімбетов

Елбасының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталуы  Қазақстанды Ислам қаржыландыруын қолдап отырған ең ірі мемлекет ретінде көрсетті.

 Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

Оның айтуынша, мұндай сыйлық - әлемдік қауымдастықта, жалпы, Ислам қаржыландыру саласында  Президентке көрсетілген үлкен құрмет.

 Сондай-ақ, брифингте Алматыда  Бахрейн, Катар, малайзиялық Ислам қаржы институттары ашылатындығы туралы айтылды. 

Ал, келер жылы Ислам облигациялары айналымға түседі, деп күтулуде.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу