Солтүстік Корея өзінің солтүстік-шығысындағы Пхунгери деген ядролық полигонын бұзуға кірісті. Мұны дүйсенбі күні АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің зерттеу тобының мамандары хабарлады.
Мамырдың 12-де Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі бұл полигонның ресми түрде жабылу салтанатының мамырдың 23-25 күндері аралығында өтетіні мәлімдеді. Ол рәсімге Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ журналистері шақырылып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, ядролық нысандарды жабу туралы келісімге екі Корея лидерлері – Ким Чен Ын мен Мун Джэин сәуірдің 27-де өткен тарихи кездесуде қол жеткізді.
Арыстан РЫСБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.