Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын егер Вашингтон Пхеньяннан ядролық қарудан бас тартуды талап ете беретін болса, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеспейтінін ескертті.
Трамп пен Кимнің кездесуі наурызда жоспарланды. Олар маусымның 12-де Сингапурда жүздесуі тиіс. «Егер Америка бір жақты түрде атомдық қарудан бас тартуды талап етіп, елімізді тығырыққа тірей беретін болса, онда келіссөздер бізге қызық емес», - деп жазылған Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде. Мұның алдында Пхеньян Оңтүстік Кореямен бүгінге жоспарланған келіссөздерден бас тартты.
Айта кетсек, қазір Оңтүстік Корея қарулы күштері АҚШ-пен бірлесіп, әскери жаттығу өткізіп жатыр. Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оған тартылған 100-ге жуық ұшақтың ішінде Американың «В-52» деген ядролық стратегиялық бомбалаушы ұшағы да бар.
Арыстан РЫСБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.