Израильдің бас консулы еліне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің бас консулы еліне қайтарылды

16.05.2018

Түркия Израильдің Стамбулдағы бас консулын «біршама уақытқа» еліне қайтарды. Оған Израиль әскерінің Газада өткен шерулер барысында 60 шақты палестиналықты атып өлтіруі себепші.

Түркия - Израиль армиясының демонстранттарға  күш қолдануын және Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуын қатаң сынаған мемлекеттердің бірі.

Президент Реджеп Тайып Ердоған Израильді «террорист мемлекет» деп атап, оның  палестиналықтарды өлтіруін «геноцидке» теңеді.

Сонымен қатар, түрік үкіметі Газадағы оқиғаларға байланысты үш күнді қаралы деп жариялап, Израильдің елшісін де еліне қуып, Тель-Авив пен Вашингтондағы елшілерін кері шақырып алды. Израиль де Түркияның Иерусалимдегі бас консулын Анкараға қайтарған.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу