Николас Мадуро қайтадан президент болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Николас Мадуро қайтадан президент болып сайланды

21.05.2018

Венесуэланың солшыл жетекшісі Николас Мадуро сайлауда жеңіске жетіп, тағы да президент атанды. Алайда, бұл жеңісті оның негізгі бәсекелесі Генри Фалкон мен АҚШ әкімшілігі мойындамай отыр.

Болжамдарға қарағанда, Батыс Мадуроның  ауыр экономикалық дағдарысты онсызда еңсере алмай отырған социалистік үкіметіне қарсы жаңа санкциялар жариялауы мүмкін.

55 жастағы бұрынғы автобус жүргізушісіне 5,8 миллион адам дауыс берген. Ал, Фалконды қолдағандар – 2 миллионға жуық.

Ресми мәліметтерге қарағанда, тіркелген венесуэлалықтардың 46 пайызы сайлауға қатысты. Бірақ, оппозиция бұл көрсеткішті 30 пайызға дейін төмендетіп отыр.

Айта кетсек, Венесуэлада соңғы жылдары инфляция деңгейі жүздеген пайызға өсіп, азық-түлік таусылуға жақындап, миллиондаған адам күнкөріс іздеп көрші Колумбияға қашты.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу