Непалдық азамат Эверест шыңына 22 рет шығып, әлемдік рекордты жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалдық азамат Эверест шыңына 22 рет шығып, әлемдік рекордты жаңартты

21.05.2018

48 жастағы Ками Рита дүниежүзінің ең биік тауының басына сапарын Қытайдан барған өзге тоғыз альпинистпен бірге мамырдың 15-де бастап, келесі күні діттеген жеріне жеткен.

Айта кетсек, бұған дейін Ками планетамыздың биіктігі 8 мың метрден асатын шыңдарының көбін бағындырды.

Оған дейін непалдық Апу Шерпа мен Пурба Таши де Эверестке 21 рет көтеріліп, рекорд жасаған екен.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу