АҚШ Иранға қарсы санкциялар жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Иранға қарсы санкциялар жариялады

22.05.2018

АҚШ Иранға қарсы «ел тарихындағы ең қатал санкциялар» жариялады. Бұл туралы елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Вашингтонмен жаңа келісім жасау үшін Тегеран 12 шартты орындауы тиіс.

Олардың қатарында Иран әскерін Сириядан шығару, Йемендегі көтерілісшілерді қолдауды тоқтату бар. Помпеоның сөзінше, АҚШ Иран саясатындағы өзгерістерге куә болған кезде ғана санкциялардың алып тасталатынын мәлімдеді. Тегеранмен 2015 жылы жасалған көп жақты келісімнен Құрама Штаттардың шығатынын Дональд Трамп мамырдың 8-де жариялады. Бұл құжатқа қол қойған Франция, Германия, Ұлыбритания тәрізді Еуропа елдері болса, мұны сынға алып,  келісім күшін бұзған жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу