Түрік лирасы тағы 5 пайызға құнсызданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы тағы 5 пайызға құнсызданды

23.05.2018

Бүгін түрік лирасы тағы 5 пайыздан аса құнсызданды. Осылайша, ол жыл басынан бері долларға шаққанда 20 пайыздан астам әлсіреп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Түркия ұлттық валютасының құлдырауына президент Реджеп Тайып Ердоғанның монетарлық саясатқа араласуы себеп болған. Өткен айда Ердоған несиеге сұранысты арттырып, құрылысты жандандыру үшін банк несиелерін арзандату қажет деп мәлімдеді. Ол маусымның 24-де өтетін президенттік және парламенттік сайлаудан соң ақша саясатына көбірек бақылау орнататынын ескертті. Осындай мәлімдемелерден кейін түрік лирасына сенім сетінеп, долларға сұраныс арта түскен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу