Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, оқиға бүгін Араб Республикасының Дейр-әз-Зор провинциясындағы Букамал және Хмеймим қалалары арасында болған. Алайда, Пентагон бұл ақпаратты растамай отыр.
Дегенмен, Адам құқығын бақылау жөніндегі обсерваторияның хабарлауынша, Құрама Штаттардың зымырандық соққылары Евфрат өзенінің шығысындағы «ДАИШ» қарамағындағы аумаққа жасалды. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ, Франция, Ұлыбритания ұшақтары соңғы рет Сирия әскерінің бекеттеріне сәуірде шабуыл жасады.
Арыстан РЫСБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.