Малайзиялық «Боингты» құлатқан ракета анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзиялық «Боингты» құлатқан ракета анықталды

24.05.2018

Тергеушілер төрт жылға жуық уақыт бұрын Донбасста малайзиялық «Боингты» құлатқан ресейлік ракетаны анықтады. Мұны осы оқиғаны тергеп жатқан мамандар бүгін хабарлады.

Ресейде жасалған зымыран 17-ші рейсті 2014 жылы шілденің 17-де атып түсірді. Сол күні жолаушылар ұшағында болған 298 адамның барлығы қаза тапты. Құрбандардың үштен екісі – голландиялықтар еді.

Айта кету керек, «Боинг» мәскеушіл сепаратистер бақылауындағы ауданға құлады.

Голландия прокуратурасының бас айыптаушысы Фред Уестербекенің мәлімдеуінше, ракета Ресейдің 53-ші Зениталық бригадасына тиесілі транспортёрден жіберілген. Сондай-ақ, Уестербеке сол күні осы техникада жұмыс істеген экипаж мүшелерін анықтауға көмек сұрап отыр.  Мәскеу болса, бұл оқиғаға өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу