«Korean Air» әуе компаниясы басшысының әйелі жағдайын пайдаланып, қызметкерлерге қиянат жасағаны үшін полиция бөлімшесіне шақырылды.
Атап айтқанда, Ли Мен-Хи 2014 жылы құрылысшыны итермелеп, қарғады деп айыпталып отыр.
Қоғамның оңтүстіккореялық әуе желілерінің конгломератына қарсы ашуы өткен айда төраға Чо Ян-Хоның вице-президент қызметін атқарған кенже қызы іскерлік кездесу кезінде жарнама агентіне су толтырылған шөлмекті лақтырғаннан кейін үдей түсті. Жұрт бірден үш жыл бұрын болған оқиғаны еске түсірді.
Онда бірінші класпен ұшып бара жатқан Чо Ян-Хоның үлкен қызы стюардесса жаңғақтарды дұрыс ыдысқа салмады деп, ұшақты әуежайға қайтарған болатын. Бұл оқиғаларға байланысты компания президенті көпшіліктен кешірім сұрап, қыздарын жұмыстан шығарды.
Мадина РАХЫМБЕК