Мұны осы ел үкіметі мәлімдеді және 370-ші рейсті қайта іздеу жоспарланып отырған жоқ.
Бұл операция алғашында 90 күн жүргізіліп, оның мерзімі кейін екі рет ұзартылды. Бірақ, АҚШ-тың «Оушен Инфинити» компаниясы төрт жылда ұшақты таба алмады.
«Боингті» іздеуге кемелер мен суасты қайықтары тартылды. Олар Үнді мұхитында 80 мың шаршы шақырым аумақта барлау жүргізген.
Естеріңізге сала кетсек, Малайзиядан Қытайға ұшқан лайнер 2014 жылы наурыздың 8-де радар экранынан жоғалып кетті. Оның бортында 239 адам болды.
Арыстан РЫСБЕК