Киевте Ресейдің танымал журналисі және кезінде президент Владимир Путинді қатаң сынаған Аркадий Бабченко өлтірілді. 41 жастағы тілшіге үйінде қастандық жасалған. Арқасынан оқ тиіп, қансырап жатқан Бабченконы әйелі ауруханаға жеткізді. Алайда, репортер жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкиннің сөзінше, бұл оқиғада Ресейдің қолтаңбасы бар.
Аркадий Бабченко кезінде шешен соғысына қатысқан. Кейін ол ең үздік әскери тілшілердің біріне айналды. Сонымен қатар, марқұм көзі тірісінде әлеуметтік желілерде Ресей армиясының Алеппоны бомбалау операцияларын сынап, Мәскеудің Украинадағы әрекеттерін «агрессия» деп сипаттады.
Бабченко өз өміріне қауіп төнген соң елінен кеткенін айтқан-ды. Оның қазасына байланысты Ресей Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Бабченконың өліміне Украинаның жауапсыздығы себепші.
Арыстан РЫСБЕК