Бұл туралы мәлімдемені бүгін осы комитеттің баспасөз хатшысы Светлана Петренко жасады. Айта кетсек, Киевте өткен тәулікте ресейлік тілші Аркадий Бабченкоға қастандық жасалды. Бұған дейін Украинада Павел Шеремет және Денис Вороненков деген екі ресейлік өлтірілген.
Танымал журналист әрі президент Владимир Путиннің Украина мен Сириядағы саясатын қатаң сынаған Бабченкоға Киевтегі үйінде қастандық жасалған. Арқасынан оқ тиіп, қансырап жатқан 41 жастағы тілшіні әйелі ауруханаға жеткізді. Алайда, Бабченко жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкиннің сөзінше, бұл оқиғада Мәскеудің қолтаңбасы бар. Ал, Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, репортердің қазасына Украина үкіметінің жауапсыздығы себепші.
Арыстан РЫСБЕК