Иорданияда салықтың көтерілуіне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иорданияда салықтың көтерілуіне қарсы шеру өтті

04.06.2018

Иорданияда сан мың адам шеруге шықты. Олар бірнеше күннен бері үкіметтің салықты көтеру жоспарына наразылық білдіріп жатыр. Сонымен қатар, халық премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етеді. Демонстранттар кейбір аудандарда дөңгелектерді өртеп, полициямен қақтығысқан. Миллиондаған адам кіретін кәсіподақтардың сөзінше, салықтың өсуі онсыз да кедей халықтың жағдайын тіпті төмендетеді. Бұған қоса, осыған дейін елде инфляция көтеріліп, бензин қымбаттады. Иордания Таяу Шығыстың тұрақтылық аралы саналады. Сондықтан, мұндағы дүрбелең Батысты алаңдатып отыр. «Хала Акбар» сайтының хабарлауынша, король Абдалла Екінші үкімет басшысы Хани Мүлкиден дүйсенбі күні патша сарайына хабарласуды сұраған. Сарапшылардың болжамынша, бұл премьердің қызметтен кететінін білдіруі мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу