Уран бұрынғыдан көбірек байытылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уран бұрынғыдан көбірек байытылуы мүмкін

05.06.2018

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи уранды көбірек байытуға дайындалуға бұйрық берді. Тегеран мұндай қадамға әлем державаларымен жасалған ядролық келісім жойылған жағдайда бармақ. Айта кетсек, мамырдың 8-де АҚШ президенті Дональд Трамп бұл пәтуадан шығып, Ислам Республикасына қарсы экономикалық санкцияларды қайта жандандыратынын мәлімдеген-ді.

«Бұл туралы бұйрықты елдің атом энергиясы агенттігіне бердім. Ол ертең-ақ орындала бастауы мүмкін», - дейді Хаменеи.

Қазір Еуропа одағы тарихи келісімді сақтап қалуға күш салып жатыр. Бірақ, Брюссельдің ойынша, бұл құжатты құтқару үшін Иран ең алдымен Таяу Шығыс елдерінің ішкі істеріне араласуын және зымырандық бағдарламасын доғаруы керек.

2015 жылы қол қойылған келісімге сәйкес, Тегеран уранды атом  қаруын жасайтын деңгейге дейін байытпауы керек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу