Гватемаланың Сан-Мигель-Лос-Лотес елді мекенін «Фуэго» жанартауынан атқылап жатқан лава басты. Соның салдарынан үш отбасы – барлығы 40 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Аймақ толықтай вулкандық сұйықтықтың астында қалды. Сондықтан, құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі аз деп отыр. Қазір мұнда тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр.
Әуелде таратылған ақпарға сай, «Фуэгоның» атқылауынан 73 адам опат болды. Алайда, сарапшылардың пікірінше, құрбандардың саны әлі де өседі. Жалпы, апаттан бір миллион 700 мың адам зардап шеккен.
Гватемалада қаралы күндер жарияланған.
Мадина РАХЫМБЕК