АҚШ президенті Дональд Трамп Сингапурдегі саммит сәтті өткен жағдайда Ким Чен Ынды АҚШ-қа шақырмақ. Бұл туралы ол Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуден кейінгі баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Сонымен қатар, Трамп Солтүсік Кореяның лидері Америкаға келсе, кездесу Ақ үйде өтетінін атап өтті.
Қазіргі кезде Сингапурде маусымның 12-не белгіленген АҚШ-Солтүстік Корея саммитіне дайындық қызу жүріп жатыр.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.