Германияның Майндағы Франкфурт қаласының халықаралық әуежайында өрт болды. Соның салдарынан Lufthansa компаниясына тиесілі Airbus ұшағы қатты зақымданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт лайнерді техникалық қызметке апаруы тиіс болған аэродромдық тартқыштан шықты. Кейін жалын аз уақытта әуе кемесінің кабинасын шарпыған.
Аэробус бортында жолаушылар болған жоқ. Алайда, он адамның медициналық көмекке жүгінгені белгілі. Олар түтіннен қатты уланған болуы керек. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.